ҚЖЛ "Жастар". "Барыс" - "Астана" 7:1
24 қаңтар

"Барыс" және "Астана" жастар командасының бірінші матчында Владимир Завьяловтың шәкірттері 7:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Бұл ретте есепті Артем Шиллердің күш салуымен "Астана" ашты, дегенмен, бұдан соң шайбалар тек Андрей Залипятскихтің командасының қақпасына ғана соғылды.

Біздің команда голдарының авторлары Леонид Белялов, Рустем Джумагулов, иван Войтов, Адам Евлоев (хет-трик) және Игорь Ищенко болды. Қақпада Семён Чернилевский ойнады

Екінші матч ертең өтеді. Басталуы 16:00-де.

"Барыс" Астана – МХК "Астана" 7:1 (1:1, 1:0, 5:0)

07:29 – 0:1 – Шиллер (Ахметчин, Аманжолов) ГБ

12:37 – 1:1 – Беляев (Евлоев, Джумагулов) ГБ +2

39:30 – 2:1 – Джумагулов (Шляйгер)

44:21 – 3:1 – Войтов (Ищенко, Залевский)

45:35 – 4:1 – Евлоев (Диханбек)

51:54 – 5:1 – Евлоев (Джумагулов)

54:08 – 6:1 – Ищенко (Диханбек, Залевский) ГБ

57:10 – 7:1 – Евлоев (Войтов, Залевский) ГБ

Қақпашылар: Чернилевский – Базарбеков (00:00-45:35), Амирбеков (45:35-60:00)

Қақпаға лақтыру: 43 – 17 (9-7, 11-7, 23-3)

Айыппұл: 12 – 37 (4-4, 6-4, 2-29)

Никита Карпасов, «Астана» ЖХЛ шабуылшысы 

- Біз бұл матчқа жақсы ауанмен келдік. Екі кезең дерлік қарсыласқа ойынды бермедік. «Барыс» біз үшін ымырасыз қарсылас. Өткен матчтардан соң жеңілгіміз келмеді, мұздың әрбір бөлігінде шайқас жасадық. Бастаманы өз қолымызға алдық деп ойлап, сәл босаңдық білдіріп алдық, қарсылас мұны бірден өз пайдасына қолданды. Қазір біз осы жеңілістен қорытындылар шығардық. Ертең өзімізге босаңсуға мүмкіндік бермей, сиренадан сиренаға дейін айқасатын боламыз.

 - Чемпионаттың қалған бөлігінде команда алдында қандай міндеттер тұр? 

-Кубоктық сегіздікке кіру міндетіміз болатын, оны орындадық та. Әрі қарай көшбасшылар үштігіне қосылуға және «Барыс», «Ақтөбе» командаларымен таласып көруге тырысамыз.

Леонид Беляев, «Барыс» ЖХЛ шабуылшысы 

- Алғашқы екі кезеңде ойын бас бермеді,нашар ауанмен келдік. Екінші үзілісте бапкерден күшті қуат алдық, шықтық, нұсқау бойынша ойнап, жақсы нәтижеге жеттік. Қазір жақсылап тынығып, ал ертең екінші ойынға шығып, жеңіске жеңіс қосуымыз керек.

- Қанша ойын бойы қысқартылған құрамда ойнаған ауыр шығар? 

- Ауыр емес, біз үйреніп кеттік. Маусым бойы осылай ойнап келеміз. Бапкерлер бізді мұндай режимге дайындайды. Қандай құрамда шықпасақ та, тек жеңіс үшін ойнаймыз және бірінші орынға үміт артамыз.

Бөлісу: