"Жастар". "Барыс" - "Арлан" 9:2
14 ақпан

"Барыс" Астана – "Арлан" Кокшетау 9:2 (1:1, 3:1, 5:0)

02:18 – 1:0 – Джумагулов (Войтов, Гусейнов) ГБ

15:06 – 1:1 – Абил (Миллер, Никифоров) ГБ

20:37 – 2:1 – Беляев (Омирбеков, Филиппенко)

27:58 – 3:1 – Евлоев

33:29 – 4:1 – Омирбеков (Беляев, Залевский)

38:11 – 4:2 – Половников (Миллер, Койпиш)

43:09 – 5:2 – Ракишев (Диханбек, Залевский)

55:22 – 6:2 – Ищенко (Филиппенко, Омирбеков)

56:32 – 7:2 – Джумагулов (Войтов, Евлоев)

57:42 – 8:2 – Джумагулов (Ищенко)

59:28 – 9:2 – Залевский (Гусейнов)

Қақпашылар: Прокофьев – Пашков (00:00-55:22), Токпан (55:22-60:00)

«Барыс» және «Арлан» жастар командасының бірінші матчында астаналық ұжым 9:2 есебімен ірі жеңіске қол жеткізді. Хет-трикпен «Барыстың» қорғаушысы Рустем Джумагулов көзге түсті.

 Чингисхан Абил, «Арлан» ЖХК шабуылшысы

-Бірінші кезеңде де, екінші кезеңде де бәрі тартысып бақты, бірақ бізге алыстатулар сәл қиындық тудырды. Қатар санымыз да көп болғанымен, гол соға алмадық. Үшінші кезеңде біз тағы да өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық, ал қарсылас өзінің барлық сәттерін іске асырды.

 - «Барыспен» тартысқа түсу сіздер үшін қаншалықты маңызды?

 -Командалардың барлығы да «Барысқа» үлкен маңыздылықпен қарайды деп ойлаймын. Бұл Қазақстанның басты мектебі деп те айтуға болады. Сондықтан бәрі де жеңгісі келеді. Біз болсақ олармен чемпионаттың екінші орны үшін тартысып жатырмыз. Бүгін жол беріп қойдық, ертең жеңістен үміттіміз.

 - Чемпионаттың қалған бөлігіне өздеріңізге қандай міндеттер қойып отырсыздар? 

- Қазір біз барынша көп ұпай жинап, екінші орынды алуға тырысып көруіміз керек. Оған қоса, жақында Лига Кубогы болады, ол жерде өзімізді жақсы көрсетіп, бірінші орын үшін тайталасу қажет.

 -Рустем Джумагулов, «Барыс» ЖХК қорғаушысы

 - Қарсылас өте жақсы, жоғарғы орын үшін тартысып жатыр. Бірақ, бүгін біз күштірек болдық, ал кейбір сәттерде біздің жолымыз көбірек болды. Сондықтан, бүгін біз жеңіске жеттік. Бастамасы айқасты болды, көпке дейін өз ойынымызды таба алмадық. Бірақ, соңында бәрі де өз орнына келіп, көп шайба сала алдық.

- Ертең жеңісті нәтижені қайталау үшін сіздерге қай жағын мықтау керек?   

- Есепке қарамастан, біздің мықтайтын тұстарымыз баршылық. Алдымен алыстатуларды азайтып, пастарды жылдамырақ және дәлдеп беруіміз керек.   

- Өз хет-тригіңе қалай түсініктеме бересің? 

- Серіктестеріме рахмет дегім келеді, олар мені жақсы пастарымен жақсы лақтырстарға шығарып отырды. Кей жерде жолым да болған шығар. Қатты қуанарлық емес, бұл тек бір ойын ғана, көбірек жұмыс істеу керек.

¼ финал сериясының «Алтай Торпедо» және «Номад» арасындағы  бірінші матчта Юрий Михайлистің тәрбиеленушілері 2:1 есебімен жеңіске жетті.  Салынған шайбалардың авторлары-  Евгений Королинский және Вячеслав Ипатов болды. Қақпашы  Дмитрий Мальгин қақпаға соғылған 23 соққыны тойтарды. Осылайша, астаналық ұжым серияда үш жеңіспен алға шықты 1:0. Серияның екінші айқасы ертең Өскеменде болады. Басталуы 14:00.

Бөлісу: