ЖХЛ. "Снежные Барсы" - "Реактор" 1:4
03 наурыз

«Снежные Барсы» мен «Реактор» арасындағы екінші матчта Нижнекамск ұжымы 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Қонақтар қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы Даниил Киселёв болды. Қақпада Вилен Прокофьев ойнады.

Осылайша, «Снежные Барсы» ЖХЛ Шығыс Конференциясында жетінші орында тұрақтап маусымды аяқтады. Яғни, Сергей Старыгиннің плей-оффтағы бірінші қарсыласы Екатеринбург ойыншылары «Авто» командасы болмақ.

"Снежные Барсы" – "Реактор" 1:4 (1:1, 0:2, 0:1)

04:11 – 1:0 – Киселёв (Муратов Б., Данияр См.)

11:08 – 1:1 – Хафизов (Семёнов)

20:16 – 1:2 – Шарифьянов (Хисамутдинов, Пузанов)

33:23 – 1:3 – Чивилев (Дякун, Голубович)

40:53 – 1:4 – Шарифьянов (Шафигуллин, Хисамутдинов)

Қақпашылар: Прокофьев – Абдулхаков

Вячеслав Касаткин, «Реактор» командасының бас жаттықтырушысы

- Кешегі матчта қорғаныста әлсіз ойнадық, сондықтан көп гол жіберіп алдық. Бүгінгі ойынның алдында жігіттермен әңгімелестік, бұл плей-офф алдындағы басты дайындық болатынын түсіндіріп айттық. Қорғаныста жоғары жауапкершілікпен ойнау керектігін жеткіздік. Бүгін біз кем құрамда ойнап қарсыласқа төтеп бердік және уақытында сәтті гол соқтық. Сондықтан бүгін жеңіске қол жеткіздік. Тұрақты чемпионаттың қорытындысына біз ризамыз. Жігіттерге айтарым «жарайсыңдар», сегіздікке кірдік. Енді бізде плей-оффқа дайындалу үшін бірнеше күн бар.

Сергей Старыгин, «Снежные Барсы» командасының бас жаттықтырушысы

- Біз тапсырманы орындадық, плей-оффқа өттік. Матчтар бойынша: кеше жақсы ойнап, сәтті гол соқтық. Расында да, артық құрамда ойнағанда екі гол жіберіп алдық, бұл өкінішті сәт. Бүгін екінші және үшінші кезеңде бастапқы ауысымды сәтсіз жасадық, жылдам голдарды жіберіп алдық. Содан кейін қарсыласымыз қорғанысты мықтады, салдарынан біз үшін ойын қиынға соқты. Жұмысымызды жалғастырамыз, дайындыққа көп уақытымыз жоқ. Небары үш күн, содан соң аттанамыз.

Бөлісу: