ЖХЛ. Плей-офф. "Снежные Барсы" - "Авто" 0:3
14 наурыз

«Авто» мен «Снежные Барстар» арасындағы Харламов кубогының 1/8 ақтық ойынның төртінші матчында Екатеринбургтік команда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, келесі плей-офф кезеңіне шықты. Астаналық ұжым маусымды аяқтайды.

"Снежные Барсы" – "Авто" 0:3 (0:2, 0:1, 0:0)

00:09 – 0:1 – Воронков (Кузнецов, Дербенёв)

03:56 – 0:2 – Тютяев (Захаров, Еркин)

21:16 – 0:3 – Воронков (Переляев)

Қақпашылар: Прокофьев (00:00-03:56), Еремеев (03:56-60:00) – Галкин

Серия нәтижесі бойынша есеп: 3-1, «Авто» пайдасына

Виталий Соловьев, «Авто» командасының бас жаттықтырушысы

- Өз командамызға рахмет айтқым келеді, олар соңына дейін тырысып бақты. Біз үйде де осында да ұрындыратын сәттерге тап болдық, бірақ қарсы тұрып, шыдас бердік. Қарсыласымыз лайықты, жақсы команда, 1999 жылғы тұлғалы жігіттер. Жас буын жігіттер өсіп келеді.

- Кешегі матч сериядағы ойындардан ерекшелеу болғанға ұқсайды.

- Бәлкім, жарым-жартылай, күш салмай жеңеміз деп ойлаған болармыз. Бірақ бұл дегеніміз плей-офф, мұнда қажырлы еңбексіз ештеңе өндіре алмайтындығыңды қарсыластар дәлелдеп берді.

Сергей Старыгин, «Снежные Барсы» командасының бас жаттықтырушысы

– Біз маусымдағы ең төменгі міндетті орындадық – плей-оффқа өттік. Шынымды айтсам, мұнда жақсы төрт ойын өткіздік. Мұндай есеп нәтижесі болды, бірақ олар сырт алаңдағы нәтижелер, мысалы, біз тек үшінші кезеңдерде ғана есемізді жібердік. Ал ойынның бірінші және екінші бөліктерін біз тамаша өткіздік. Кеше жақсы ойын болды, біз жігіттерден қалаған ойынды көрдік.  Бүгін екі жылдам гол өткізіп алдық, ойынға уақытында кірісе алмадық. Біз шаршаңқырап, ал қарсыласымыз тың болды деп айта алмаймын. Бірақ аталмыш голдар әсер еткені хақ. Есесін толтырудан гөрі есепті сақтап қалған оңайырақ. Жалпы, маусым бойынша айтарым: өнерін ұштаған жігіттер бар, бірақ ойлануға тұрарлық ойыншылар да жоқ емес.

- Жоспар бойынша алда не тұр?

- Қазір 2001-02 жылғы жігіттердің бір бөлігі құрама сапында әлем чемпионатына дайындалатын болады. Алты жігіт «Номадқа» қосылады. Қалғандары біраз тынығады, сосын барып келесі маусымға дайындықты бастаймыз.

Бөлісу: