ЖХЛ. Плей-офф. "Снежные Барсы" – "Авто" матчтарының алдында.
12 наурыз

Харламов Кубогының 1/8 финалының «Авто» және «Снежгные Барсы» арасындағы сериясы Екатеринбург ұжымының пайдасына 2-0 есебімен Астанаға көшіп келеді.

«Авто» айтарлықтай сенімді түрде өз айдынындағы матчтарды өткізді және екі жеңіске жетті (4:0 және 5:1). Максим Расейкин салынған үш шайбаның авторы болды, Денис Еркин «Барстарды» екі рет опық жегізді.

«Авто» қақпасына салынған жалғыс шайбаның авторы астаналық команданың капитаны Саян Данияр болып, өз командасының бес кезеңнен артық созылған голдық құрғақшылығын үзді.

Іске асыру мәселелерінен басқа Сергей Старыгыиннің командасына үшінші кезеңдердегі ойындарға назар аудару қажет. Дәл осы ойын үзіктері сапардағы кездесудің екеуінде де айқындаушы болды. 

Серияның үшінші және қажеттілік болса  төртінші матчтары 13 және 14 наурызда Астанада өтеді.

Матчтың басталуы 13 наурызда Астана уақытымен 19:00.

Қажеттілігі бар болса, 14 наурыздағы матчтың басталуы Астана уақытымен 14:00.

Бөлісу: