ЖХЛ. "Снежные Барсы" - "Тюменский Легион" матчтарының алдында
30 қаңтар

"Снежные Барсы" жаңа жылдың алғашқы айын өз айдынында  "Тюменский легион" командасына қарсы матчпен жабады.

"Барыстардың" болашақ қарсыласы қазіргі сәтте 12-орында, бірақ кубоктық сегіздікке жету үшін бар болғаны  үш балл қажет. Қазір тюмендік ұжымның активінде 50 матчтан соң 49 балл бар.

 "Легион" өткен турда ұпайларды "Алтаймен" бөлісті. Бірінші матчта тюмендіктер төрт шайба салып екпінді екінші кезең көрсетті және 5:2 есебімен сенімді жеңіске жетті. Ал, екінші ойында Өскеменнен келген айдын иелері нақтылық танытты-жеңіс есебі 4:1.

"Легионның" үздік бомбардирі Сергей Арзамасцев өз есебін жинаған үш баллмен толтырды. Қазір оның активінде 28 (11+17) ұпай.   

 "Снежные Барсы" өткен турда өз айдынында Шығыс көшбасшысы "Мамонты Югры" командасын жеңіп (2:1 овертаймда) төрт матчтық жеңілістер сериясын үзді. Екінші айқаста қонақтар сенімді реванш алды-4:1.

Бірінші айқаста дубль ресімдеген Артур Гатиятов (46 балл, 19+27) жинаған ұпайлары бойынша топтағы серіктесі Саян Данияровты (13+33) қуып жетті.

 Қазіргі сәтте "Снежные Барсы" Шығыс Конференциясында тоғызыншы орынды алып отыр (46 матчтан соң 52 балл). Жиналған ұпайлары бойынша астаналық ұжым сегізінші орын алып отырған "Ирбиспен" теңесті. Бұл ретте Сергей Старыгиннің шәкірттерінің қорында тағы үш матч бар.

Бөлісу: