ЖХЛ. "Снежные Барсы" – "Реактор" матчтары алдында
01 наурыз

ЖХЛ мерейтойлық маусымы тұрақты чемпионатының қорытынды матчтарын «Снежные Барсы» 2 және 3 наурызда өткізеді. Өз айдынында астаналық ұжым Нижнекамсктен келетін «Реакторды» қабылдайды.

Команданың екеуі де өздеріне плей-оффқа шығу кепілдігін алып қойған, дегенмен алдағы матчтардың нәтижесіне кубоктық сегіздіктегі қорытынды орындар байланысты болып тұр.

Қазіргі сәтте «Реактор» өз активінде 69 ұпайды иеленіп бесінші жолға тұрақтады.   Өткен турда нижнекамскіліктер нәтижелі матчтарда Өскемендік «Алтайды» жеңіп (5:0 және 7:5) өз есептерін айтарлықтай толтырды. Команданың үздік бомбардирі -Арсен Хисамутдинов, оның есебінде 50 (24+26) ұпай бар.

 «Барстар» «Спутникті» сенімді жеңген соң (4:1) өздеріне плей-оффқа шығуды қамтамасыз етті. Дегенмен, екінші ойында Альметьевскілік ойыншылар күштірек болды (3:2). Бұл жеңіліспен астаналық ұжымның алты матчтық жеңіс сериясы үзілді.

 Қазір Сергей Старыгиннің командасы Шығыстағы кубоктық сегіздіктің соңында (67 балл), алайда астаналықтар белгілі бір жағдайларда плей-офф старты алдында өзінің турнирлік жағдайын айтарлықтай жақсарта алады. Артур Гатиятов (24+39) және Саян Данияр (19+44) 63 ұпайдан жинады және лиганың ең нәтижелі алты ойыншысының санына кіреді.

Өткен екі матчтық қарсыласуда мүмкін болатын төрт баллдан үш баллды жинаған (жеңіс 4:2 және овертаймдағы жеңіліс 2:3) «Снежные Барсы» жеңіске ие болды.

 2 және 3 наурыздағы матчтардың басталуы Астана уақытымен 17:00.

Бөлісу: