"Металлург" Мг - "Барыс" / 4:0 / сериядағы есеп 1:0
09 наурыз

ҚХЛ Шығыс конференциясының плей-офф кезеңіндегі жартылай финалдағы алғашқы ойында «Барыс» хоккейшілері магнитогорск «Металлургінен» жеңіліс тапты.

Кездесу бүгін, 9 наурызда сырт айдынында өтті. Ойын 4:0 есебімен айдын иелерінің жеңісімен аяқталды.

Кездесудегі алғашқы шайба матчтың 11 минутында соғылды. Қарсыластар толық құрамдағы мүмкіндігін ұтымды пайдаланды. «Металлург» сапынан Оскар Осала көзге түсті.

Екінші кезеңде қос қарсылас бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Ал шешуші кезеңде айдын иелері «Барыс» қақпасына үш шайба соқты. Барлық голды «Металлург» ойыншыларының бірінші тобындағы хоккейшілер кіргізді.

Ойының 44 және 48 минутында Томаш Филипи пен Ян Коварж шеберлік танытса, кездесу аяқталуға 20 секунд қалғанда Данис Зарипов соңғы шайбаны дарытты.

«Барыс» пен «Металлург» арасындағы келесі кездесу 11 наурыз күні Магнитогорскте өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 18:00 басталады.

«Барыс» пен «Металлург» арасындағы сериялық кездесудің жалғасы наурыздың 13 мен 15 күндері Астанада өтеді. Айта кетейік, төрт рет жеңіске жеткен команда келесі кезеңге шығады.

«Металлург» Магнитогорск - «Барыс» - 4:0 - (1:0; 0:0; 3:0)

1:0 - 10:53 - Осала (Сёмин) ГБ

2:0 - 43:43 - Филиппи (Зарипов, Коварж)

3:0 - 47:52 - Коварж (Бирюков, Казионов Ден.)

4:0 - 59:40 - Зарипов (Филиппи, Хабаров) ГБ

Қақпашылар: Кошечкин - Карлссон

Сериядағы есеп: 1:0 (4:0)

Бөлісу: