Леонид Метальников «Барыс» хоккей клубына ауысты
13 мамыр


«Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Леонид
Метальниковпен келісімшартқа қол қойылғанын ресми түрде хабарлайды.
Ойыншы 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін 2 жылға екіжақты келісімге қол
қойды.
Метальников өткен маусымда ЖХЛ құрамында қарағандылық «Сарыарқа»
құрамында өнер көрсетті. Қазақстан құрамасымен бірге Леонид Жоғары
хоккей лигасының плей-офф ойындарында ұтып, Петров кубогын жеңіп
алды.
Ол тұрақты чемпионаттың 54 ойынында 22 (7+15) ұпай және ЖХЛ плей-офф
ойындарының 19 ойынында 10 (4+6) ұпай жинады.
Қазақстан құрамасы сапында Метальников 2019-бірінші дивизионда Әлем
чемпионатының жеңімпазы атанды. Қорғаушы турнирдің 5 ойынында 4 (1+3)
ұпай жинады.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Бөлісу: