Кёртис Волк "Барыстың" ұсынысын қабылдады
11 мамыр

 «Барыс» хоккей клубы шабуылшы Кёртис Волкпен арадағы келісімшарттың ұзартылғаны туралы ресми түрде хабарлайды. Ойыншы 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін 2 жылға келісімге қол қойып, клубтың біліктілік ұсынысын қабылдады.

ҚХЛ дебюттік маусымында Кёртис Волк тұрақты чемпионаттың 50 ойынында 27 (9+18) ұпай жинады, сондай-ақ 12 плей-офф ойындарында 7 (1+6) ұпай қосты.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Бөлісу: