Константин Пушкарёв: «Жаттығуда түсетін жүк оңай емес» 
15 сәуір

Шайба.kz сайтына сұхбат берген Қазақстан құрамасының шабуылшысы Константин Пушкарёв әлем чемпионатына дайындығын және Гагарин Кубогының финалында «Металлург» командасына жанкүйер екіндігін айтып берді.  

- Жаттығу қалай өтіп жатыр?

- Жақсы

- Демалып үлгердіңіз бе?

- Ия, демалысымды үйде өткіздім.

- Тұрақты чемпионаттан кейін айдын алаңына қайта оралған оңай емес шығар?

- Арадағы үзіліс ұзақтау болды. Сондықтан, жаттығуда түсетін жүк оңай емес. Ауыр десек те үйреніп қалдық.

- Гагарин Кубогының финалын бақылып жүрсіз бе? Қай командаға жанкүйерсіз?

- Ия, кешке қарай хоккей көремін. Магнитогорск командасына жанкүйермін. Себебі, «Металлургтың» ойыны ұнайды. ЦСКА да осал емес. Дегенмен де Челябі облысының клубы жеңіске жетсе деймін.

- Әлем чемпионатының элиталық тобындағы ойындар мен ҚХЛ кездесулерінде қаншалықты айырмашық бар?

- Әлем чемпионатының деңгейі басқаша. Және де бұл екі түрлі турнир ғой. Десек те жыл сайын ҚХЛ дамып, лиганың деңгейі де жоғарылап келеді.

Естеріңізде болар 2008-2009 жылдың маусымында Константин Пушкарёв Магнитогорскінің "Металлург" командасында, оның алдында Мәскеулік ЦСКА сапында өнер көрсеткен болатын .

Дереккөз: Шайба.kz

Бөлісу: