ҚХЛ. СКА – "Барыс". Матч алдында
24 қаңтар

Батыс Конференциясы бойынша көшпелі серияның екінші матчын команда Санкт-Петербургте өткізеді. Бейсенбі күні "Барыс " жергілікті СКА-мен "Мұз сарайында" кездеседі. Біздің командамыз турнені Магнитогорскте "Метуллургпен" ойынындағы жеңіспен ашты -1:3. Виктор Сведберг екі ұпай жинап, үшінші кезеңнің соңына дейін 46 секунд ішінде   Алексей Маклюков, Даррен Диц және Дастин Бойд бос қақпаға шайба соқты. Қақпашы Хенрик Карлссон 22 соққыны қайтарды – ол соңғы екі ойындағы ойын уақытының 123 минуты ішінде тек бір шайбаны жіберіп алды. Бұл жеңіс "Барысқа" Шығыс Конференциясының кестесінде "Металлургті" айналып өтуге мүмкіндік берді – тұрақты чемпионаттың 50 ойындарында 71 ұпай. Жарақат алғандар тізімінде қақпашы Доминик Граховина бар.

СКА ұзақ мерзімді үй сериясын жалғастыруда. Өткен 4 ойынында Илья Воробьевтің командасы өз алаңында тек "Нефтехимикке" жол беріп, 3 жеңіске жетті. Сейсенбі күні СКА өз айдынында минскілік "Динамоны" ұтты-5:1. Екі шайбаны Александр Барабанов соғып, Дацюк, Белов және Прохоркин бір  голдан қосты. Қарсыластар қақпашысы Игорь Шестеркин 19 соққыға тойтарыс берді. Батыс Конференциясының кестесінде СКА екінші орынға жайғасты-50 ойында 83 ұпай. Жарақат алғандар тізімінде екі қорғаушы-Патрик Херсли және Роман Рукавишников бар.

Матчтың басталуы Астана уақытымен 22:30-да.
Тікелей көрсетілім "Qazsport" және "КХЛ-TV" телеарналарында.

 

Бөлісу: