ҚХЛ. Плей-офф. "Авангард" – "Барыс". Матч алдында. Ойын #3.
18 наурыз

Астанадағы «Барыс» пен «Авангард» арасындағы екі матчтан соң  командалар Мәскеу түбіндегі Балашихаға көшеді.

Сенбі күні «Барыс» Гагарин Кубогының плей-офф екінші раундының сериясында есепті теңестірді-1:1. Брэндон Боченскийдің және Джесси Блекердің голдары, сондай-ақ Дастин Бойдтың дублі айдын иелеріне 4:2 есебімен жеңіс әкелді.

Блэкер үшін ҚХЛ плей-оффындағы алғашқы гол. Сондай-ақ, маусымның көктемгі кезеңінде жиналған ұпайларымен жастар Дмитрий Гренц пен Егор Шалапов көзге түсті. Хенрик Карлссон бірінші ойындағыдай 36 соққыны тойтарды.

Балашихаға командамен бірге Дамир Рыспаеы келді. Андре Петерсон Астанада қалды, ол демалыста. Роман Старченко және Кирилл Полохов жарақаттанған ойыншылар тізімінде.

«Авангард» сенбіде плей-офф ағымдық ойнатылымында бірінші рет жеңілді. Бо Хартлидің командасы жетістіктерін әрі қарай дамыта алмады және 5 ойын көрсеткішінде жеңістер сериясын үзіп алды.  
Екінші матчта бір бір шайбадан Сергей шумаков және Коди Франсон салды.

Шумаков үшін бұл плей-оффтағы алтыншы шайба, форвард осы көрсеткіш бойынша көшбасында және ҚХЛ-ғы бірінші орынды Григоренкомен (ЦСКА) ж»не Мэтт Фреттиномен (Барыс) бөлісіп тұр.

Қақпашы Игорь Бобков 31 соққыны тойтарды-бұл 88,6% құтқару. ҚХЛ қорғаушы Алексей Емелинді Антон Сагадеевке күш қолданғаны үшін айыппұлмен жазалады-2+10 минут және ақшалай өтем.

Матчтың басталуы «Арена Балашиха» Астана уақыты бойынша 22:30.

Тікелей көрсетілімі    Qazsport, КХЛ-ТВ және  КХЛ-ТВ HD арналарында.

Гагарин Кубогының плей-оффы. Конференция жартылай матчы. 3-матч.

 "Авангард" – "Барыс".  

Матчтың басталуы «Арена Балашиха» Астана уақыты бойынша 22:30.

Тікелей көрсетілімі    Qazsport, КХЛ-ТВ және  КХЛ-ТВ HD арналарында.
 

Бөлісу: