ҚХЛ. Плей-офф. 3-ші матч. «Авангард» – «Барыс» – 5:0
19 наурыз

Дүйсенбі күні «Барыс» пен «Авангард» Гагарин кубогының плей-офф сериясы екінші раундының үшінші матчын өткізді. «Балашиха Арена» мұз айдынында алаң иелері 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Кездесуде көп қақтығыс, бірін-бірі сабау, алаңнан қуылу орын алды. Бірінші шайбаны алаң иелері артықшылық құрамда кіргізді, голдың авторы - Стась. Екінші бөлікте айдын иелері тағы екі рет тең емес құрамдарда нәтижеге қол жеткізді – голдар Широков пен Шумаковтың есебіне жазылды. Алаң иелері соңғы кезеңде Семеновтың голынан кейін өз артықшылығын бекімдеді. Соңғы есепті Франсон орнатты.
Сериядағы есеп – 2:1. Командалар серияның төртінші матчын сәрсенбі күні, 20 наурызда өткізеді.

«Авангард» – «Барыс» – 5:0 (1:0, 2:0, 2:0)

1:0 Стась (Емелин, Бобков) 13:12 ГБ
2:0 Шумаков (Бек) 22:57 ГБ
3:0 Широков (Емелин, Чудинов) 35:07 ГБ
4:0 Семёнов (Стольберг) 43:40
5:0 Франсон (Шумаков, Бек) 52:19 ГБ

Қақпашылар: Бобков – Карлссон (00:00-43:40), Граховина (43:40-60:00)

Бөлісу: