ҚХЛ. «Барыс» – «Спартак». Матчтың алдында
15 қаңтар

 «Барыс» өз алаңындағы кезекті матч сериясын сейсенбі күні өткізеді. Біздің команда мәскеулік «Спартакты» қабылдайды. «Куньлунь» арасындағы кездесуден жеңіліске ұшырағаннан кейін «Барыс» буллит бойынша 3:2 есебімен «ХК Сочи» қарсыласынан басым түсіп жеңімпаз атанды. Негізгі уақытта Андре Петерссон мен Кевин Даллмэн бір-бір шайбадан қақпаға кіргізді. Матчтан кейінгі Роман Старченко мен Даррен Диц бағыттаған шайбалары мүлт кетпеді, ал Хенрик Карлссон қарсыластың барлық шабуылдарын тойтарды. Шығыс Конференциясының турнирлік кестесінде «Барыс» 47 ойын өткізіп, 67 ұпаймен 5-ші орынға жайғасқан. Командада жарақат алғандары жоқ.

«ҚОСАТЫНЫ» АЙДАРЫНДАҒЫ МАТЧТЫҢ БЕЙНЕАҢДАТПАСЫ

 «Спартак» Шығыс Конференциясының қалалары бойынша көшпелi сериясын сәтсіз бастады. Жексенбі күні Игорь Улановтың командасы Балашихада жергілікті «Авангардтан» 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Каспарс Даугавиньш бірінші кезеңнің ортасында «Спартакты» алға шығарды, бірақ одан кейін команда тең құрамда ойнап шайбаны үш рет қақпаға жіберіп алды. Қақпашы Александр Трушков 22 соққының 19-ын тойтарды. «Спартак» Батыс Конференциясында 49 матчта 54 ұпай жинап, алтыншы орынды иеленді. Лазаретте шабуылшы Александр Хохлачёв бар, ол үздік көрсеткіш 33 ұпаймен (16+17) командада көш бастап келеді.
Бұл «Барыс» пен «Спартактың» ағымдағы тұрақты чемпионаттағы өткізген екінші ойыны – 3-ші қаңтар күні Мәскеуде «Барыс» 3:2 есебімен жігерлі жеңіске жетті.

Матч «Барыс Аренада» Астана уақыты бойынша сағат 19:30-да басталады.
Тікелей трансляцияны Qazsport және КХЛ-ТВ HD телеарналары жүргізеді.
Жанкүйерлер үшін аренаға автобустар ұйымдастырылады
 Ұтысты ойындар мен билеттер туралы ақпаратпен осында танысуға болады.



 

Бөлісу: