КХЛ. "Барыс"-"Салават Юлаев"-1:0от
17 қаңтар

 "Спартактан" жеңілген соң тренерлік штаб топты өзгертіп-Волк пен Бойд орындарымен ауысты, Дастинге Шевченко мен Акользин қосылды. Граховинаның жарақатына байланысты құрамға "Сарыарқадан" Сергей Кудрявцев шақырылды.
Бірінші кезеңде командалар жасампаздық үшін емес, ойрандау үшін үлкен белсенділік танытты. Сонымен қатар, қақтығыстар мен төбелестер үнемі орын алды. Ойынның орта бөлігінде Мэтт Фрэттин мен Пётр Хохряков айқасып, бірнеше минут өткенде Метсола қақпасының алаңқайында Павел Акользи мен Дмитрий Шевченко "Салават Юлаевтың" қорғаушыларымен қақтығысып қалды. Дәл осы жерде Асетовтің қонақтар аймағындағы ереже бұзуынан соң жалпылама төбелес басталды.
Бірінші шайбаны бір сағаттан артық күтуге тура келді-Кормье овертаймда жеңіс әкелді.


"Барыс – - "Салават Юлаев" – 1:0от (0:0, 0:0, 0:0, 1:0)
 

"Барыс Арена" (Астана), 7839 көрермен.

 1:0 Кормье 63:23

Қақпашылар: Карлссон-Метсола

Бас төрешілер: Виктор Бирин, Андрей Рогачев

Бөлісу: