КЕВИН ДАЛЛМЭН: «ОЙЫНДЫ ЖЕҢІСТІ РУХПЕН ЖАЛҒАСТЫРА БЕРУ КЕРЕК»
27 ақпан

- Сіздің туған күніңізге жақсы сыйлық болған сияқты ғой? (26 ақпан күні хоккейші 36 жасқа толды. – автордан)

- Хоккейші өзіне бұдан артық сыйлық тілемейді. Біз үшін бұл жеңіс оңайға түскен жоқ. Расымен де 36-ға толған күніме тамаша тарту болды.  Алайда серия әлі аяқталған жоқ. Сондықтан біз осы жеңісті рухпен ойынды жалғастыра беру керекпіз. Ертең келесі ойынға жігірімізді жанап, барлығын жаңадан бастайтын боламыз.  

- Константин Пушкарев бірінші бестікке бойын үйретті ме?

- Пуши жарап тұр. Мықты жігіт. Күштік хоккейді керемет көрсетеді. Қақпа алдында көп жұмыс жасайды. Сондықтан барлығы тамаша.

- Бүгін ойыншылар эмоцияға ерік беріп, төбелеске баруға дайын тұрды. Командадағы өзге серіктестер  өздерін ұстай білді және төбелеске ұласып кетпеуін қалады. Бұл қауіпсіздік шарасы ма?

Эмоцияға ерік бермей қалу қиын. Бұл өз кезегінде командаға нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан, салқынқанды ойыншылар қызуқандыларға көмекке келеді. Плей-офф кезеңінде толық емес құрамда әзілдесуге болмайды. Мейлінше жұмылған жұдырықтай толық құрамда ойнауға тырысу керек. Әрине, қарсылас лас ойын көрсеткенде бір-бірімізге тұрамыз.

- Алғаш рет жаңа аренада барлық билеттің сатылып кеткенін білесіз бе? Трибунаға лық толған жанкүйерлердің қолдауы командаға психологиялық тұрғыдан қолдау болған шығар?

- Әрине, қалай десек те өз жерімізде өтетін кездесулерде әрқашан қолдау болады. Астанада жанкүйер күшті. Және де достар: келесі ойында дәл осы қарқынмен тағы да қолдау көрсетіп, кассада билет қалдырмасаңыздар деймін. Біз барлығын естиміз және сеземіз. Өздеріңіз ойлаңыздаршы 11 мың адам қолдау білдіріп, алға деп айғайлап тұрса, бұдан асқан демеу бар ма!

Дереккөз: Today.kz 

Бөлісу: