КЕВИН ДАЛЛМЭН: «БІЗ ҮШІН ҚОЛДАУЛАРЫҢЫЗДЫ ЖАЛҒАСТЫРА БЕРІҢІЗДЕР»
09 қыркүйек

«Барыс» ҚХЛ жаңа маусымындағы өз жерінде өткізген алғашқы ойынын жеңіспен аяқтады. Елордалық клуб Ханты-мансийскінің «Югра» командасынан 3:2 есебімен басым түсті. Кездесудегі бірінші шайбаның авторы атанған Кевин Даллмэн республикалық Sports.kz. интернет-порталының тілшісіне ойыннан алған әсірімен бөлісті. 

— Өз жеріміздегі алғашқы ойын, жаңа маусымдағы бірінші жеңіс жалпы қалай болды? 
— Біз осы ойынды тағатсыздана күттік. Жаңа бапкермен өз айдынымыздағы ойынды жаңаша жігермен, жақсы көңіл-күймен бастадық. Біз жақсы ойнадық. Қажетті жеңіске қол жекіздік. Хенрик қақпада керемет тұрды. Ал біз өз мүмкіндігімізді мүлт жібермедік.

— Ойын барысында қандай да бір қысымның жоқтығы, еркін ойын сезіледі ме?  
— Өзгеріс болғанның өзі жаңадан бастау ғой. Әр матчта өз күшімізге сеніммен қарап, күнен күнге жақсы ойнауға тырысамыз. Бапкер енгізген жаңа жүйе бойынша әрекет қылуға да тырысамыз.  Жеңіс жолын жалғастыра береміз деген үміт бар.

— Тактикалық қимылға қандай да бір өзгеріс енгізілгені сезіледі ме?

— Ондай болады. Бапкер нені қалдыратындығын, нені өзгертетіндігін көре жатармыз. Ең бастысы сенімді ойнап, жеңіске жету. Келесі кездесуді де  осы қалыпта өткізуді күтеміз.

— Жанкүйерлер сізді көптен бері көрген жоқ. Оларға не дейсіз?

— Тағы да келіңіздер, біз жеңісті жолымызды жалғастырамыз! Трибунада жанкүйерлердің айғайынан құлақ тұнды. Лигада біздің фанаттарға ешкім жетпейді. Сондықтан біз үшін қолдауларыңызды жалғастыра беріңіздер.  

Дереккөз: sports.kz

Бөлісу: