Кевин Даллмэн: «Боченски-Бойд-Доус үштігі топ-дивизионда қалуға көмектеседі»
07 сәуір

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына ресми дайындығын бүгін – 7 сәуірден бастайды.  Кейбір ойыншылар жаттығуға ерте бастан кіріскен. Солардың қатарында  Кевин Даллмэн бар. «Барыс» клубының және ұлттық құраманың қорғаушысы  осы жылы командаға енетін жалғыз солтүстік америкалық емес. Көк тудың астында өнер көрсететін ойыншы бұл туралы   Sports.kz порталы тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.  

 — Кевин, қалың қалай?!  Немен айналысып жүрсің? Мәскеуге баруға дайынсың ба?

— Тамаша! Отбасыммен қыдырып, көп уақытты солардың қасында өткіземін. Жанұям Астанада. Балаларым мектепке оқып жатыр. Көктемнің жылы күндерінде рахаттанып жүрміз.  Және де уақыт тауып кішкентай ұлды коньки тепкізуге тырысамын. Сол аралықта Мәскеуде өтетін әлем чемпионатына қарқынды түрде дайындық жүргізудемін!

— Гагарин Кубогын бақылайсың ба? Осы маусымда кім чемпион болады? 
— Ойынды қарамаймын. Осы маусымда ЦСКА жеңімпаз болады деп ойламын.

— Халықаралық хоккей федерациясы Боченски-Бойд-Доусқа Қазақстан құрамасы қатарында ойнауға рұқсат берді. Сен оған қалай қарайсың?

— Мен қуаныштымын. Бұл Қазақстан үшін тамаша деп ойламын. Олар ҚХЛ шабуылдау шебіндегі үздік үштік және олар біздің топ-дивизионда қалуымызға белгілі бір деңгейде көмектеседі.

— Оның үстіне ұлттық құрамаға ағылшын тілінде сөйлейтін үшеу қосылады дейсіз ғой!

— Ағылшынша сөйлейтіндердің дауысын киім ауыстыратын жерде көбірек есту жақсы болар еді. Жалпы командаға ыңғайлы болу үшін бір-біріміздің тілін түсінуге, үйренуге тырысамыз.  

— Әлем чемпионатындағы біздің топты көрдің бе? Қай қарсыласты ұтуға болады?  

— Ия, әрине біздің топтағылармен таныстым. Барлық командалар осал емес. Қазір біз алдағы айға тыңғылықты жаттығып, әрбір ойынға дайын болып бару керекпіз!

— Канада құрамасына қарсы ойнағың келе ме?

— Әрине, бірақ біз өкінішке қарай олармен ойнамаймыз. Дегенмен келекшекте жолығуымыз мүмкін!

— Оқу жаттығу жиыны жетінші сәуірде басталды. Ал сен дайындықты ерте бастадың ба?

— Ия, қазір мұзда сырғанып, алдағы ойынға жоғары деңгейде дайын болып баруға өзімді әзірлеп жүрмін.

 Дереккөзsports.kz

Бөлісу: