ИВАН КУЧИН: «ҚАЛЫПҚА КЕЛІП, ӨЗ ОЙЫНЫМЫЗДЫ КӨРСЕТТІК»
08 желтоқсан

«Автомобилист» қақпасына алғашқы голды соққан «Барыс» шабуылшысы Иван Кучин жеңісті ойыннан алған әсерімен бөлісті:

- Әрине, соңғы үш жеңілістен кейін қайта қалыпқа келіп, өз ойынымызды көрсетіп, жеңіске ұмтылғымыз келді. Ойлағанымыз орындалғаны қандай жақсы болды.

- Бірінші кезең «Барыстың» бақылауында болды деуге келеді. Осы қалыпта 60 минут қимылдауға неге болмайды?

- Ия, бірінші кезеңде ойынды бақылауда ұстап, жақсы қимылдадық. Екінші кезеңде айдыннан аластатулар болды. Бұл өз кезегінде ойын қарқынын ұстап тұруға әсер етті. Алайда бар қиындықтарға қарамастан жеңіске жетіп, үш ұпайды еншіледік. Ең маңыздысы да осы.

- Матч соңын барлық команда аяқта тік тұрып өткізген болар?

- Ия, соңғы екі минут төтенше тартысты болды. Толық емес құрамда минималды есеппен кездесуді аяқтау оңай емес. Десе де бұған дейінгі ойындарда да толық емес құрамда жаман әрекет етекен жоқпыз. Тіпті шайбаны өзімізге қабылдап жаттық. Қақпашы да керемет ойнады. Бағымыз жанып, жеңіс бізге бұйырды. Ал бос қақпаға шайба соға алмаған қарсыластың жолы болмады.

- Өздерің де бос қақпаға шайба дарыта алмадыңдар ғой?

- Қарсыласпен салыстарғанда біздің бағыттайтын жерден қақпа алысырақ тұрды. Мен сол туралы айтып тұрмын (күледі). Мұндай тартысты сәтте гол соғудан бұрын, шайбаны өз аймағыңнан дұрыс шығарып және жылдам ауыса білген маңызды.  

Бөлісу: