ЭДУАРД ЗАНКОВЕЦ: «БҮГІН БЕЛСЕНДІ, ӘРІ СЕРПІНДІ ОЙНАДЫҚ»
12 наурыз

Эдуард Занковец, «Барыс» ХК бас бапкері:

– Жақсы ойнадық, алайда жеңіліс тапқанымыз жаман болды. Овертаймда жеңіліп қалған тіпті жаман. Алайда бұл хоккей ғой. Келесі өз айдынымызда өтетін ойынға дайындалатын боламыз.

– Бүгін сіздің әріптесіңіз Евгений Корошковтың туған күні. Команда қандай сыйлық жасамақ еді?

– Мейлі солай-ақ болсын (күледі). Әрине, командамен бірге біз оны құттықтадық. Туған күн иесіне құрметіміз шекесіз болғанмен де ойын кезде ол туралы ойлаған жоқпыз. Команда бірінші кезекте нәтижеге жұмыс істеді.

– Өткен ойыннан кейін команда қимылының кейбір тұстарында кемшін болғанын айтқан едіңіз. Бүгін қандай баға бересіз?

– Мен ол кезде команданың жеңіске үмткер бола алмағанын атған едім. Бүгін біз беліснді, әрі серпінді ойнадық. Сондықтан де көбірек шайбаның соғылғанына куә болдық.

Бөлісу: