ДМИТРИЙ МАЛЬГИН – МАУСЫМНЫҢ ҮЗДІК ҚАҚПАШЫСЫ!
30 сәуір

ҚХФ сарапшы комиссиясы Қазақстан чемпионатының 2016-2017 маусымында үздік өнер көрсеткен ойыншыларды анықтады. «Номад» қақпасын күзеткен Дмитрий Мальгин маусымның үздік қақпашысы атанды.

«Көшпенділер» сапында Дмитрий бас-аяғы 34 ойын өткізген. Оның 24-де «Номад» командасы жеңіске жеткен. Маусым барасындағы алты кездесуде қақпасына бірде бір өткізбеген.

Бөлісу: