АВСТРАЛИЯ – ҚАЗАҚСТАН 1:5 (1:1, 0:2, 0:2)
16 қаңтар



U18 Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатының біліктілігінде екінші матчтың жеңімпазы атанды (1-дивизион, Б тобы). Өткен кеште қазақстандық қыздар австралиялық құрдастарынан 5:1 есебімен басым түсті.
Александра Голотвина, Диляра Сулайманова, Екатерина Куценко, Аружан Кенесова және Томирис Оспанова бір-бір шайбадан кіргізді. Естеріңізге сала кетейік, құрама сапында «Барыс» ХК жүйесіне кіретін «Томирис» командасының үш ойыншысы өнер көрсетеді: Анастасия Шамкий, Томирис Оспанова және Александра Голотвина.
Осылайша, Қазақстан құрамасы екі матчта алғашқы кезеңде жеңіске жетіп плей-оффқа шықты. Бүгін қазақстандықтар қытайлық Тайбэй командасымен ойнайды.

АВСТРАЛИЯ – ҚАЗАҚСТАН 1:5 (1:1, 0:2, 0:2)

1:0 – Дэвис Топ – 09:12
1:1 – Голотвина (Пяткова, Оспанова) – 13:25 КГ
1:2 – Сулайманова Д. (Кенесова, Пяткова)- 29:03
1:3 – Куценко (Шахматова, Голотвина) -36:32 КГ
1:4 – Кенесова – 53:37
1:5 – Оспанова – 59:38 БҚ

Қақпашылар: Ласт – Кононова

Турнирдің ресми сайты

Бөлісу: