Әлем чемпионаты U-18. Франция – Қазақстан 2:7
16 сәуір

Жасөспірімдер командалары арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы (А тобы) екінші матчта Қазақстан құрамасы ірі есеппен Франциядан келген қарсыластарын ұтты. Владислав Сайко дубльмен көзге түсті, Диас Гусейнов,  Станислав Филиппенко, Мади Диханбек, Денис Чапоров және Игорь Залевский өз есептеріне тағы бір шайбадан жазды.  Голкипер Роман Калмыков 27 соққыны тойтарды.  

Келесі матчты Александр Истоминнің шәкірттері 17 сәуірде Украина құрамасына қарсы өткізеді. Басталуы астана уақытымен 16:30-да.

Франция – Казахстан 2:7 (1:2, 0:3, 1:2)

0:1 – Гусейнов – 02:53

0:2 – Филиппенко (Диxанбек, Залевский) – 09:43 ГБ

1:2 – Дюбе (Баравальио) – 11:16

1:3 – Сайко (Гусейнов, Шайхмедденов) – 23:39

1:4 – Диxанбек (Бойко О., Залевский) – 29:14

1:5 – Сайко (Мусоров) – 33:32

1:6 – Чапоров (Диxанбек, Филиппенко) – 52:57 ГБ

2:6 – Гюриф (Томасино) – 55:02

2:7 – Залевский (Гусейнов, Мусоров) – 56:28 ГБ

Қақпашылар: Дюкенн (Монгеллас, 33:32-60:00) – Калмыков

Қазақстан жасөспірімдер командасының құрамы:

Мусоров – Гусейнов – Сайко, Шайхмедденов – Королев

Филиппенко – Чапоров – Бойко О., Диханбек – Залевский

Александров – Ищенко – Касенов, Бойко Н. – Джумагулов

Омирбеков – Евлоев – Войтов, Харламов

Қақпашылар: Калмыков (Прокофьев)

 Дереккөзі – ҚХФ баспасөз қызметі

Бөлісу: