«БАРЫС-2007» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ
07 қараша

Қазанның 31 мен 4 қараша аралығында Санкт-Петербург іргесінде орналасқан Стрельне кентінде, 2007 жылы туған жасөспірімдер арасында «Конгресстер Сарайының Сыйлығы» IV халықаралық турнирі өтті. Бәсекеге сегіз команда қатысты. Атап айтқанда: «Барыс» (Астана), ЦСКА (Мәскеу), «СКА-Стрельна» (Санкт-Петербург), «Авангард» (Омбы), «Трактор» (Челябинск), «Торпедо» (Нижний Новгород), «Динамо» (Минск), ХК Рига (Рига). 

Жарыс қорытындасы бойынша біздің «Барыс-2007» командасы үшінші орынды иеленді.  

Турнир аясында 3 қараша күні «Шығыс-Батыс» Жұлдызды Матчы өтті. Онда әр команданың үздік хоккейшісі қатысты. Жұлдызды матчта «Барыс» сапынан қақпашы Дмитрий Ряшин, қорғаушы Ян Мельников пен Сұлтан Әлімжанов, шабуылшы Никита Шамкий, Айтуар Нұржанов, Әмір Алпкарин өнер көрсетті.  

Бұдан бөлек турнирдің үздік шабуылшысы болып «Барыс» хоккейшісі Әмір Алпкарин танылды.

«Барыстың» ойын нәтижелері:  
«Барыс» - «Торпедо» / 3:2 
«Барыс» - «Авангард» / 3:1 
«Барыс» - «Трактор» / 7:6 
«Барыс» - «Динамо» Мн / 6:1 
«Барыс» - ХК Рига / 9:3 
«Барыс» - ХК ЦСКА / 2:6 
«Барыс» - «СКА-Стрельна» / 0:6 

Турнирде қатысқан командалардың иеленген орны төмендегідей:

1. ЦСКА ХК
2. СКА-Стрельна 
3. Барыс 
4. Торпедо 
5. Трактор 
6. Авангард 
7. Динамо 
8. Рига ХК

Бөлісу: