Боченски, Маклюков және Михайлис СКА-мен матч алдында
24 қаңтар

"Барыс" ойыншылары Магнитогорсктегі матч нәтижелері бойынша өз түсіндірмелерін берді.
Алексей Маклюков "Металлург" қақпасына бірінші гол соқты – бұл оның күнтізбелік жылдағы екінші шайбасы.
– Біз үшін ауыр ойын. Матч Астанадағы "Салават Юлаевпен" өткен ойынымызға ұқсайды. Шыдамдылықпен, негізді түрде ойнадық. Қос команда да қателіктерді күтті, бақытымызға орай екі мүмкіндікті артығымен іске асырдық, нәтижесі осындай болды.
-Бұл сен үшін 2019 жылғы екінші гол. Жақында сен әке болдың. Жыл басы сен үшін сәтті басталды.
-Шынымен де. Әрине, голдар мен баламның өмірге келуін байланыстыруды ұнатпаймын. Егер голдар туралы айтар болсақ, серіктестердің жұмысы мен жолдары болғандығын атап өткім келеді.
-"Металлургпен" ойынға құрылған жоспар құрылымы неде еді?
-Нюанстар болды, әрине. Қарсылас қақпа алаңқайында жақсы ойнайды, кейде лақтыруға нұқсан келтіретін жеңіл пастарды іздеді. Ең үлкен міндет қақпа алаңқайында мұқият ойнау, клюшкаларды қадағалау, талғауға мүмкіндік бермеуді бақылау болды.
-Командада кестедегі жайғасымын жақсартуды жалғастыруда.
-Шынымды айтсам, кестеге сирек қараймын. Әрбір матчта ұпай алуға тырысу керек. Ал, чемпионаттың соңында мұның бізді қайда әкелетінін көреміз.

Брэндон Бочинский жеңіс шайбасының эпизодында Даррен Дицке жәрдемдесті. Екіншідегі голдың екеуі де ұзақ шабуылдардан кейін соғылды.
-Біз ойынға құрылған -қорғауда жауапты және шабуылда сабырлы ойнау жоспарын жақсы орындауға өте тырыстық. Әрине біз санымыздың көптігінен мүмкіндіктер алуға үміт арттық, бірақ күтпеген жерден "Барыс" осы кеште бірде бір рет көп болып ойнамады. Бұл матчты Астанадағы "Салават Юлаевқа" қарсы ойынмен салыстыра аламыз деп ойлаймын. Біз көрсетуге тиісті болған хоккей ойнадық. Осы беттегі әрекетімізді жалғастыра аламыз деп үміттенемін.
-Соңғы матчтардағы екі соңғы ойында үлкен еңбек Хенрик Карлссонның есебінде.
-Карли барлық маусым бойы асқан шеберлік танытты. Ол ҚХЛ желтоқсандағы үздік қақпашысы жүлдесін жайдан жай алған жоқ. Оның жұмысы командаға сенімді және ашық әрекет етуге мүмкіндік береді.
-Команда екінші кезеңнің соңғы секундтарындағы Акользиннің Любимовке қолданған күштік тәсілін қалай қабылдады?
-Бұл звено команда үшін фантастикалық көлемдегі жұмысты орындайды. Гол болсын, күш қолдану тәсілі немесе қорғаныстағы керемет жұмыс болсын, жігіттер әрқашан "Барысқа" жетістікке жетуге көмектеседі. Олар "Металлургпен" болған матчта бірінші голды соқты, бұл командаға тамаша күш және серпін берді. Егер сен жеңімпаз және табысты болғың келсе, барлық төрт топ та үздік жұмыс жасауы тиіс. Жігіттер қолдан келгеннің бәрін жасайды.
-"Барыс" Шығыс кестесіндегі жоғары орналасымға жетуді жалғастырып жатыр.
-Біз кестедегі орнымыз туралы ойламаймыз. Біз жай ғана шығып,  жеңуге және өз жанкүйерлерімізді қуантуға күш саламыз. Әрине, біздің ойында жақсарту керек нәрселер бар-бұл тұрақты чемпионаттың соңындағы маңызды міндет. Бұл қарапайым нәрселер-аз шығын, қорғауда жауапты ойнау, қақпашыға көмектесу және тағы сол сияқтылар. Әрине, 3:0 немесе 3:1есебімен жеңістен соң барлығы жақсы деп ойлауға болады. Бірақ бұл жайбарақаттылыққа алып келмеуі керек-түзетілуі, жақсартылуы тиіс, тағы жұмыс істей түсетін нәрселер қашанда бола береді. Мінсіз ойын өткізу мүмкін емес, тіпті есеп солай деп тұрса да. Біз қашанда жұмыс үстіндеміз және одан да жақсы болуға тырысамыз. 

Никита Михайлис Sports.ru басылымының блогері Михаил Скрыльдің сұрақтарына жауап берді.
-Никита, "Барыс" және "Металлург" кестеде өте жақын орналасқан. Турнирлік тұрғыдан, бүгінгі ойын - тұрақты чемпионат соңындағы басты ойын екенін түсіндіңіздер ме?
 Иә, көп ұзамай плей-офф. Енді қатесіз ойынға көшу керек. Бүгін шабуыл аймағында көп ойнадық.  Қақпаға қарсы өз алаңқайымызда тыныштықты бұзбау үшін, қажетті жағдайда өз аймағымыздан шайбаны нақты лақтырып отырдық. 

-Ббірінші кезең голсыз болды. Командалар бір-біріне үйреніскісі келді ме? 

Командалардың ешқайсысы бірінші болып гол өткізіп алғысы келмеді.  Жоғары қорғанысқа қашанда қарсы әрекет ету қиын. Екінші кезеңде тегеурінді қосып, кейбір сәттер көзге іліне бастады. Ол сәттерді суық ақылмен біздің пайдамызға аяқтай алдық. Қорғаныста да қатаң ойнадық. 

-Сен екінші кезеңде тегеурінді қостық дедің. Команданың әрекетінде нені нақты атап өте аласың? 

Біз "Металлург" аймағында көбірек ойнай бастадық. Олардың аумағына шайбаны лақтырып, кей жерлерде қарсылас шаршаңқырап қалды. Бірінші гол жағдайында біз олардың құрамын біздің үш ауысыммен жаптық, сондықтан олар шаршап, кей жерлерде қателіктерге жол берді. Айдында бос орындар пайда болып, біз гол соқтық.  

-Көп санды "Магниткаға" қарсы ойнағандарыңызға қанағаттандыңыздар ма? 

Иә, бүгін аз болсақ та, жақсылар болдық. Біздің қақпашы керемет ойнады. "4-ке 5" шыққан барлық жігіттер жарады. Ойынды талқылап, қатаң түрде бапкердің нұсқамаларымен ойнадық. 

- Бүгін көп соққы болған жоқ. Бұл немен байланысты? 

Көп соққыларды қос команданың қорғаушылары өздеріне қабылдады. 5,6 шайба соғатын ойындар үнемі бола бермейді. Аз гол жіберіп алатын және бір-екі голды артық соғатын ойынға талпынған жақсырақ. 

-Яғни, сендердің бас бапкерлеріңнің хоккей бүгін плей-офф деңгейінде болды,-деген сөздерімен келісесің ғой? 

Иә, әрине. 9-10 ойын қалды. Плей-офф ойындарына мықты дайындалуымыз қажет. Бүгін қарсылас өте күшті болды, сондықтан матч та қатаң түрде өтті. Бізді осыған дайындап, күйге келтірді. Біз әлдеқашан екі-үш ойын бойы ұқсас түрде іс-қимыл жасауға тырысып жүрміз:  бірінші болып гол соғу және мүмкіндігінше аз гол өткізу. 

-Бапкерлер матч соңында, есеп 2-1 болғанда не туралы айтты? 

Ауыз толтырарлық ештеңе айтылған жоқ. Не істеу керектігін барлығымыз түсіндік. Сол тактика бойынша ойнадық. Сабырлықпен әрекет етеуге және алғашқы мүмкіндік кезінде шайбаны аймағымыздан шығарып жіберуге тырыстық. 

-Бұл маусым сен үшін айтарлықтай сәтті болып тұр. Бапкерлер штабының сенімі әсер етті ме, әлде жазғы жаттығулар тиянақты болды ма?

Барлығы да бір жерге тоғысатын сияқты.  Енді көшбасшы ретінде ойнап, гол соғатын кез келді. Бапкердің сенімі де, бірінші немесе екінші құрамда ойын көрсету де саған өзгеше міндеттер жүктейді. Сен көшбасшы болуға міндеттісің, гол соғуың керек. Өйткені сені ол жерге жайдан жай қоймайтынын түсінесің ғой. Ал, негізінде кез келген топта бапкердің тапсырмасын орындауың керек, сонда ойын да өз кезегімен жүреді. 

-Жұлдыздар матчын көре алдың ба? 

Иә, мен көрдім. 

-Саған ең ұнағаны не: шеберлік шоулары ма немесе ойындар ма? 

Менің ойымша, конкурстар қызықтырақ. Біздің жігіттер оған қатысты. Мен оларды қадағалап отырдым. Олар жарады. 

-Роман Старченко және Даррен Диц Қазаннан қандай да бір сыйлықтар әкелді ме? 

Иә, әкелді, әне біздің жігіттердің бәрі "All Star" қалпақтарын киіп жүр. Келесі маусымға "Барыстан" Шевченко мен Акользин дайындалуда (күлімсіреді).

-Патрис Кормье таңғы сырғанаудағы  маған берген сұхбатында Даррен Дицтің оған ештеңе әкеліп бермегенін және бұл оның көңіл-күйін түсіргенін айтты. 

Ол енді өз қателіктерін түзетеді (күлімсіреді). Ол мұны істей алады деп үміттенемін.

 

Бөлісу: