«Барыс» Еуропаның жанкүйерлер тамашалайтын үздік 30 командасы қатарына қосылды
16 наурыз

 Халықаралық хоккей федерациясы Еуропа клубтары ареналарының жыл сайынғы келім рейтингісін жариялады. Қазақстандық «Барыс» жаңартылған тізілімде 33-ші орыннан 29-шы орынға ауысып, 4 позицияға көтерілді. «Барыс Аренаға» орташа келім көрсеткіші – 1 матчта 6448 адамды құрады.
Рейтингте «Барыстан» жоғары ҚХЛ-дың 11 клубы орналасқан – СКА, ЦСКА, «Спартак», «Динамо Мн», «Динамо Рига», «Слован», «Йокерит», «Металлург», «Локомотив», «Ак Барс» және «Трактор».
Швейцарлық «Бёрн» рейтингте 18-ші жыл қатарынан көш бастап келеді – Швейцарияның астаналық клубтың орташа келім көрсеткіші16290 адамды құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы IIHF сайтында жарияланған.

Бөлісу: