"Барыс" - "Трактор" / 2:1 / сериядағы есеп 2:4
04 наурыз

"Барыс" "Тракторды" жеңіп, ҚХЛ плей-офф кезеңінің екінші кезеңіне өтті

 Астанада өткен алтыншы ойын 2:1 есебімен айдын иелерінің жеңісімен аяқталды

Астаналық "Барыс" Челябінің "Трактор" командасын жеңіп, құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінің екінші кезеңіне шықты. 

4 наурызда астаналық "Барыс" пен челябілік "Трактор" ҚХЛ-дың плей-офф кезеңінің 1/8 финалындағы алтыншы матчты өткізді. Елордада өткен алтыншы ойын 2:1 есебімен айдын иелерінің жеңісімен аяқталды.

Есепті бірінші болып қонақтар ашты. "Трактор" сапынан Кирилл Кольцов көзге түсті. "Барыс" жігіттері екінші кезеңнің басында таразы басын теңестірді. Шайба авторы Владимир Маркелов.

Ал қорытынды кезеңде астаналықтар қарсыластың бір ойыншысы алаңнан шығарылған сәтті ұтымды пайдалынды. "Барысқа" жеңіс голын Дастин Бойд сыйлады. 
Осылайша, төрт жеңіске дейінгі сериядағы есеп - 4-2 нәтижесімен аяқталды. Енді Құрлық хоккей лигасының плей-офф кезеңінің 1/4 финалында Астаналық "Барыс" қытайлық "КуньЛунь Ред Стар" (4-1) клубын турнирден ығыстырған магнитогорлық "Металлургпен" ойнайды.

«Барыс» - «Трактор» - 2:1 - (0:1; 1:0; 1:0)

0:1 - 09:39 - Кольцов (Рой, Пеньковский) ГБ

1:1 - 22:44 - Маркелов (Даллмэн)

2:1 - 42:45 - Бойд (Пушкарёв, Даллмэн) ГБ

Қақпашылар: Карлссон - Францоуз

Сериядағы есеп: 2:4 (2:5; 5:1; 1:3; 2:1 ОТ; 1:2 ОТ; 1:2)

Бөлісу: