«Барыс» хоккей клубы «Сарыарқа» ХК екі ойыншысын ауыстыруға қатысты келісімге қол жеткізді:
01 шілде

1. Сагадеев Антон (шабуылшы, 1993 ж.т.)

2. Дульнев Георгий (қорғаушы, 1991 ж.т.)

Өткен маусымда Қазақстан құрамасындағы хоккейшілер «Сарыарқа» сапында өнер көрсетіп, ЖХЛ қорытындысы бойынша 3-ші команда атанды. Плей-офф кезеңінде ¼ финалына жетті («Зауралье» ХК серияда 2:4)  

Сагадеевтің ЖХЛ жалпы статистикасы:

Тұрақты чемпионат: 85 ойын, 13+14, тиімділік көрсеткіші +20, соққы ұтымдылығы 54%

Плей-офф: 21 ойын, 3+1, тиімділік көрсеткіші +2, соққы ұтымдылығы 54,6%.

Дульневаның ЖХЛ жалпы статистикасы:

Тұрақты чемпионат: 43 ойын, 0+0, тиімділік көрсеткіші +2

Плей-офф: ойнаған жоқ.   

Сонымен қатар, «Барысқа» уақытша ауысу жөнінде келісімге форвард Артём Лихотников қол қойды. Өткен маусымда ол да қарағандылық «Сарыарқа» командасының намысын қорғады

Бөлісу: