«БАРЫС-2008» - «ЗВЁЗДОЧ» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
12 қазан

Қазанның 8 мен 10 аралығында «Тарлан» аренасында жыл сайынғы 2008 ж. т., қазақстандық командалар арасында дәстүрлі «Звёздоч» турнирі өтті. Оған ұйымдастырушылар ретінде  «Барыс» ХК және БЖСМ «Астана» ХК қатысты.

Турнирге алты команда қатысты: «Барыс-2008» (екінші құрам), «Астана-2008», «Юность» (Қарағанды), «Торпедо» (Өскемен), «Стрижи» (Алматы) және «Ертіс» (Павлодар).

«Барыс-2008» тұрақты турнирдің кезеңінде 5 ойының 4 жеңіп, тек біреуінде ғана қарағандылық «Юность» командасына жол берді. Алайда шешуші кезеңде бірінші орынға талас жүргізгенде, қарағандылықтарда кеткен есені қайтарып, жарыс жеңімпазы атанды.

Барлық ойынның қорытындысы бойынша командалар былай жайғасты:

I. Барыс-2008 (екінші құрам)

II. Юность (Қарағанды)

III. БЖСМ «Астана» ХК (Астана)

IV. Торпедо (Өскемен)

V. Стрижи (Алматы)

VI. Ертіс (Павлодар)

Бөлісу: