АСҚАР ШОПОБАЕВ: "ЖАҢАША КӨЗҚАРАС ТҰРҒЫСЫНАН ҚАРАУ КЕРЕК"
12 мамыр

«Барыс» хоккей клубының президенттігіне жаңадан тағайындалған Асқар Шопобаев, бапкерлер құрамы мен командадағы ойыншылардың  жайы туралы ойымен бөлісті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы мен чемпионаттағы «мәселелерді» тілге тиек етті.

- Бас бапкер жайы қалай болмақ? Әңгімені осыдан бастасақ.
- Алдымен құттықтау лебізіңізге алғыс білдіремін. Жалпы, мен үшін «Барыс» сияқты ауқымды спорттық жобаның бір бөлшегі болу зор құрмет. ҚХЛмен бүгінгі кездесуді өткізіп, жұлдызды Матч жөніндегі қағазға қол қоямыз. Мен қызметке кеше ғана кірістім. Ойлар бар. Алдымен қызығушылық білдірген тараптарды тыңдап, оң-солын екшеп алсам деймін. Бапкерлер құрамы, ойыншылар құрамы бойынша келіссөздер белсенді түрде жүргізіліп жатыр.  Бұл туралы келесі аптаның соңына дейін ақпарат береміз деп ойлаймын.

- "Барыс" Занковецтің қалғанын қалап отыр ма?

- Маған уақыт берсеңдер. Маған әлі осындағы өзімнің бапкерлеріммен сөйлесіп, олардың позициясын түсініп алу керек.  

- Корешковтың орнына келуіңіз ұлттық құрама бас менеджерінің қызметіне де таралады ма?

- Ия, әрине. Жаңаша көзқарас тұрғысынан қарау керек. Және осыны мемлекеттік бірізділікке түсірсе деймін. Алға қарай басатын білгілі бір өлшемдер бар. Меніңше, Қазақстан мықтылар лигасында болуға әбден лайық. Соған орай Қазақстан чемпионатында және де атқарушы комитетте құрылымдық өзгерістер болады. 

- Резолюцию күтеміз бе?
- Осы ретте мені қолдаса деймін. Мен қазір концепт әзірлеп қойдым. Егер ол қолдау табатын болса, барлығы жақсы болады деген ойдамын. Мен бұл спортта бөтен адам емеспін. Мен «Алматы» ХК басқардым, Алматы және Алматы облысының хоккей Федерациясына жетекшілік жасадым. Маған Қазақстан чемпионатының проблемасы жақсы таныс. Жалпы, қандай мәселелер бар біз оны атқарушы комитетте көтереміз. Меніңше басшылық та, қамқоршылық кеңес те дәл осы аспектіге ден қойып отыр.

- Корешковтың орнына Сіздің келуіңіз Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы сәтсіз өнері себеп болды ма? Неліктен осылай болғандығына көзқарасыңыз қалай? 

- Бұл сауалды кейінге қалдырсақ бола ма? Ой толғауға кейін де уақыт табылады. Қазір ойыншылар мен бапкерлер құрамымен сөйлесемін. Мәселені іштен қарап, түсініп алу қажет. Бұл тақырып бойынша кейін міндетті түрде тілдесетін боламыз. Мен әрқашан да ашықпын. Дәл қазір маған сәл уақыт берсеңіздер. Өйткені, осында келгеніме бар болғаны екінші күн. Сондықтан мен ақпарат беруге әркезде ашықпын. 

Дереккөз: vesti.kz

Бөлісу: