«Шығыс» Конференциясының 1/2 ақтық ойыны (№3 ойын) «Авангард» - «Барыс». Бас жаттықтырушылардың баспасөз конференциясы (видео)
19 наурыз

«Авангард» - «Барыс» (5:0) матчынан кейін командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Андрей Скабелка, «Барыс» ХК бас жаттықтырушысы

- Біз ойынды құрдымға жібердік деп айта алмаймын. Ойынның басы жаман болған жоқ, бірінші кезең тең өтті, кейбір сәттер болып жатты. Екінші кезеңнің басында, біз көпшілік құрамда ойнаған кезде, біз өзіміздің көпшілігімізді кезекті рет азшылыққа айналдырдық. Бүгін сандық теңсіздікте өткен ойынымызды сәтсіз деп атауға болады, жіберген барлық қателіктеріміз үшін қарсыласымыз жазалап отырды, тәртіп жоғары деңгейде болмады. Дегенмен, есеп қорытындысына қарамастан, бұл тек бір ойын, тек бір ғана жеңіс, сериядағы есеп 2-1, келесі ойынға дайындаламыз.

Боб Хартли, «Авангард» ХК бас жаттықтырушысы

- Мен жігіттерімді мақтан тұтамын. Егер бірінші кезеңді еске түсірсек, Зернов, Деарне мұздан шығып кетті, олармен дәрігерлер айналысты, егер бұған Михеевтің команда сапында болмағанын қоссақ, онда біздің құрамадағы жетіспеушілікті бағалай беріңіз. Ойынға Кошелёв, Петров, Галимов қосылды - олар ғаламат жұмыс істеді, нәтиже әкелді. Бізде тек 2 орталық - Стась және Семёнов болды, сондықтан орталық шабуылшының орнында мұндай ойын дағдысы жоқ жігіттерге ойнауға тура келді. Мен олардың осы жолғы өнерін мақтан тұтамын. Қорғаныс шебі тамаша өнер көрсетті, барлық үш ойында бұл барлық тұсынан алып қарағанда біздің ең жақсы ойынымыз. Дегенмен, «Барыс» біздің дивизионымыздың чемпионы екенін ұмытуға болмайды, сондықтан біз қарсыласымызды құрметтейміз және түсінеміз, ешкім босаңсып қалмақ емес.

Бөлісу: