«Шығыс» Конференциясының 1/2 ақтық ойыны (№2 ойын) «Барыс» - «Авангард». Бас жаттықтырушылардың баспасөз конференциясы (видео)
16 наурыз

«Барыс» – «Авангард» (4:2) матчынан кейін команданың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Боб Хартли, «Авангард» ХК бас жаттықтырушысы

- Үш кезеңнің әрқайсысы үш түрлі ойын сияқты өтті. Бірінші кезеңде бізде артықшылық болды, гол соғатын сәттер болса да, мүмкіндікті жүзеге асыра алмадық. Екінші кезеңде қарсылас өзіне берілген мүмкіндікті жібермеді, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осыдан кейін үшінші кезеңде біз қуып жетіп, нәтиже әкелетін сәттерді жасауға тырыстық. Бірақ қарсыласымыз тағы да өз мүмкіндігін іске асырды. Ақырында осындай нәтиже шығып отыр.

Андрей Скабелка, «Барыс» ХК бас жаттықтырушысы

- Бірінші кезекте жанкүйерлерге алғысымды білдіргім келеді. Ойын барысында кезекті рет тамаша ахуал орнады. Бірінші кезеңде қарсыластың артықшылығы болды деп нық айта алмаймын. Ойынның алғашқы бес-жеті минуты - солай болуы мүмкін. Бірақ біз бұл жағдайларға ой жүгіртіп, қай тұстарды мықтауымыз керек жөнінде жұмыс істейтін боламыз. Хенрикке рахмет. Әрі қарай жігіттер біз де, жанкүйерлер де командадан күткен тамаша хоккей көрсетті. Бірақ бұл тек бір ойын, екінші ойын ғана. Есеп 1-1, сырт алаңдағы серияға дайындаламыз.

- Андрей Владимирович, Емелин Сагадеевтің басына шабуыл жасады, оған жаза қолданылмады. Содан кейін Әсетовтың басқа соққысы, бар болғаны екі минут. СТК-ға жүгінесіз бе?

- Баспасөз конференциясын төрешілік отырысқа айналдырмайық. Біз бұл сәттерді, егер қажет болса, әрине қараймыз. Мен берген сұхбатымда айтқандай, біз сұраған үш сәтті бағалаудың бәрі біздің пайдамызға шешілді. Мен неліктен мұз үстінде бірден солай шешуге болмайтынын түсінбеймін.

- Бүгін біз Шалаповты және Гренцті көрдік. Жігіттер әбігерге түскен жоқ па?

- Жоқ, Дима тамаша көрінді. Ойын соңындағы жалғыз-ақ сәт болмаса, менің ойымша, бұл толқу. Бәлкім, бұл менің кемшілігімнен, мен оны ұстаңқырамай ойын соңында шығарғаным. Бірақ қалған ойынды ол жақсы ойнады. Егор Шалаповқа келер болсақ, ол ойынға сенімді түрде кірді, ол бүкіл маусымда команда сапында ойнағандай сезім қалдырды.

- Орехов екі алмастыру өткізді. Не нәрсеге көңіліңіз толмады?

- Валера – талантты хоккейші. Қазірде ол үздік 6 қорғаушының қатарында, 16-17 минут ойын өткізуде. Бұған дейін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысып, барлық ойындарда өнер көрсетті. Бірақ ол қысым мен жүктемені әркез еңсере бермейді. Сондықтан біз Егор Шалаповты көмекке алып, бұл осал тұстың орнын толтырдық

Бөлісу: