Жанкүйерлер-клубы

Фан-клубқа  мүшелікке өту, сырт жердегі ойындарға қатысу және басқа да сұрақтар жөнінде әлеуметтік желілердегі жанкүйерлер қозғалысының ресми аккаунттары бойынша «BarysFans» фан-клубымен байланысу керек.

ВКонтакте

Instagram

Twitter

Барыстың» ресми фан-клубы 2008 жылы құрылды.

Командалардың айнымас жанкүйерлері оларға ойын кезінде қолдау көрсетіп келеді. Аренаға келген ойыншылар мен жанкүйерлерді жағымды эмоцияға бөлеп, команданы жеңіске жетелейді.  

«BarysFans» мүшелерінің аренада өз орыны бар. Олар А13 секторында  билеп, өлең мен ұрандар айтып қана қоймай, БАҚ назарын аудартатындай бірегей флешмобтар ұйымдастырып, ойынға әр бітіреді.

«BarysFans» сүйікті командасын Астанада ғана емес,  сырт айдында өтетін кездесулерге автобуспен барып, қолдау көрсетіп тұрады. Фан-клуб мүшелері осы күнге дейін мыңдаған шақырым жолды еңсеріп тастаған. «Барыс» жанкүйерлерінің сырт жерде білдірген қолдауы жергілікті жанкүйерлердің қолдауынан асып түседі. 

Сондай-ақ «BarysFans» мүшелерінің кейбірі хоккей ойнайды. Астанада әуесқойлардың лигасында олар тұрақты көшбасшы болып келеді. Қазақстандық және халықаралық турнирлерде топ жарып, жүлдегер атанған. ҚХЛ командаларының фан-клубтары арасында ұйымдастырылатын жарыстарға тұрақты түрде қатысып тұрады.